Еркінғали Бүркітәлин Қазақстанға Азия ойындарының бесінші алтынын әкелді
Қазақстандық спортшы Еркінғали Бүркітәлин Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында аралас жекпе-жектен (ММА) алтын медаль жеңіп алды.
Осы жеңістің арқасында Қазақстан құрамасының қоржынына Азия ойындарындағы бесінші алтын медаль түсті.
77 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі дәстүрлі ММА финалында Бүркітәлин Бахрейн өкілі Мұхаммед Набиевпен кездесті. Қазақстандық спортшы қарсыласын 3:0 есебімен жеңді. Финалдық жекпе-жек Нагоя қаласындағы Инаэ спорт орталығында өтті.
Айта кетейік, аралас жекпе-жек биыл алғаш рет жазғы Азия ойындарының бағдарламасына енгізілді.
XX жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады. Қазақстан атынан спорттың 35 түрінен 558 спортшы сынға түсіп жатыр.