спорт

Давид Дегтярев пара пауэрлифтингтен төрт дүркін Әлем чемпионы атанды

Бахрейнде өтіп жатқан пара пауэрлифтингтен әлем чемпионатында отандасымыз Давид Дегтярев 54 келіге дейінгі салмақта 192 келіні бағындырып, жеңімпаз атанды.

Давид Дегтярев

Осы нәтижесімен ол  Азия рекордын жаңартты.  Сонымен қатар, үш тәсілдің қосындысы бойынша  (573 кг) қарсыластарынан басым түсіп, екінші алтын медальді қанжығасына байлады.

Оған қоса, 41 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Тұрсынай Қабыл мен Ариана Кобзарь үш тәсілдің  қосындысы мен үздік нәтиже бойынша қос алтын медальді жеңіп алды.

Бүгін жарыс жолына Али Галимулин (-59 кг), Вазир Надыров (-59 кг), Гулим Курманбаев (-50 кг), Снежанна Бойко (-50 кг), Қуаныш Рахатұлы (-65 кг) және Андрей Шпицер (-65 кг) шығады.

Айта кетейік, аталмыш дода 27 қараша мен 2 желтоқсан аралығында өтеді. Жарысқа 40 елден  астам 250-ге жуық спортшы қатысады.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз