Қазақстандық пара спортшы Малик Мұқашев таеквондодан әлем чемпионы атанды
Қазақстандық спортшы Малик Мұқашев Корея Республикасының Муджу қаласында өткен пара таеквондодан әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.
Ол К41 санатында 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қарсыластарынан басым түсті.
Жарыстың күміс жүлдесі Ирак өкілі Саид Сабах Хамид Аль-Фаххамға бұйырса, Түркия спортшысы Яшар Сами Гокбаба қола медаль иеленді.
Осылайша, Малик Мұқашев әлем чемпионатының жеңімпазы атанып, Қазақстан қоржынына алтын жүлде салды.
Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.