Магнус Карлсен Бибісара Асаубаеваға қарсы соңғы партияға қатысудан бас тартты
Будапештте өтіп жатқан Total Chess World Championship Tour Pilot турнирінде норвегиялық шахматшы Магнус Карлсен қазақстандық Бибісара Асаубаеваға қарсы соңғы партияға келмей, жеңіл
Турнирдің алғашқы күнінде Карлсен бірнеше рет жеңіске жетіп, есепті 11,5:0,5-ке жеткізген. Соңғы партияға норвегиялық шахматшы келмегендіктен, Асаубаева оны 15 минут күтуге мәжбүр болды. Осыдан кейін қазақстандық шахматшының ұпайы 8,5-ке дейін көтерілді, ал Карлсен 11,5 ұпаймен қалды.
Турнирдің бас төрешісі Анастасия Сорокинаның айтуынша, Карлсен алғашқы күннің өзінде жеңіске жететініне көз жеткізген соң, соңғы партияға қатыспау туралы шешім қабылдаған. Ол төрешілерден ойынға келмегені үшін қандай жаза қолданылатынын алдын ала сұраған.
Ойналмаған партия ФИДЕ рейтингін есептеу кезінде ескерілмейді. Төрешілер Карлсенге техникалық жеңілістен өзге жаза қолданбаған. Норвегиялық шахматшының бұл әрекетін өзге шахматшылар сынға алды.
Бүгін Карлсен мен Асаубаева арасындағы бәсекенің екінші күні өтеді.