спорт

Қазақстан футбол құрамасына жаңа бас бапкер іздестіріліп жатыр

Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Скотт Манн УЕФА Ұлттар лигасындағы ұлттық құраманың өнер көрсету қорытындысына арналған баспасөз мәслихатын өткізді.

Джон Ван

Маннның айтуынша, федерация қазіргі бас бапкер Джон ван "т Схиппен келісімшартты ұзартуды жоспарлап отырған жоқ. Оның өзі де қызметінде қалуға ниетті емес.

"Сондықтан ұлттық құраманы ұзақ мерзімге жаттықтыратын, Еуропа чемпионатына дайындайтын жаңа бас бапкерді іздеуге кірісеміз", – деді Скотт Манн.

Джон ван "т Схиптің жетекшілігімен Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасында алты ойын өткізіп, бірде-бір рет жеңіске жете алмады. Команда өз тобында үш ұпаймен соңғы, төртінші орынға тұрақтады.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз