Қазақстандық балуандар Таиландтағы турнирде екі алтын медаль жеңіп алды
Қазақстандық балуандар Таиландтағы турнирде екі алтын медаль жеңіп алды
Қазақстандық спортшылар Таиландтың Сирача қаласында өтіп жатқан грек-рим күресінен халықаралық турнирде екі алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Марлен Төлеш 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды. Арыстан Темірғали 110 келіге дейінгі салмақта жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді", – делінген хабарламада.
Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, екі спортшы да 17 жасқа дейінгі (U17) балуандар арасында өнер көрсеткен.
Бұған дейін 20 жасқа дейінгі (U20) балуандар арасында Еркебұлан Ана пия (82 келіге дейін) мен Данияр Қанағатбек (72 келіге дейін) алтын медаль жеңіп алған болатын.