Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 18:15

18 млн теңге пара алған Ақтау қалалық сотының төрағасы темір торға тоғытылды

Сот төрағасы
Фото: Lada.kz

Мұнайлы аудандық сотының үкімі бойынша Ақтау қалалық сотының бұрынғы төрағасы Бауыржан Шайдуллин 9 жылға, ал жеке сот орындаушысы Р.М. Жанахметов 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Олар сотталушыға бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындау сылтауымен 18 миллион теңге көлемінде заңсыз сыйақы алып, алаяқтық және пара беруге итермелеу деректері бойынша кінәлі деп танылды.

Қосымша жаза ретінде сот екі тұлғаны да өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырды.

Айта кетейік, бұл үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Тегтер: