20 мың тонна мұнай өнімдерін заңсыз шығармақ болғандар ұсталды
Жыл басынан бері 20 мың тонна мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы фактілері бойынша 35 қылмыстық іс қозғалды.
«Анықталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында жанар-жағармайдың шығу көздері мен оның айналымына қатысы бар тұлғалар анықталып жатыр.
Өңірлерде шекара қызметі және мемлекеттік кіріс органдарымен өзара іс-қимыл жолға қойылып, бірлескен жұмыс жоспарларына қол қойылды», — деп хабарлайды ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі.