200-ден астам қазақстандық жәрдемақыдан өз еркімен бас тартқан
Үкіметтің мәліметінше, азаматтар бұл шешімін өздеріне жолданған SMS-хабарламаларға жауап ретінде қабылдаған. Олар мемлекеттік қолдауға мұқтаж емес екенін айтқан.
Енді жағдайы жақсы азаматтар жәрдемақыдан онлайн түрде де бас тарта алады. Еңбек министрлігі eGov Mobile қосымшасы арқылы төлемдерден ерікті түрде бас тартуға мүмкіндік беретін сервистің жобасын ұсынды.
Жаңа бастама мемлекеттік төлемдердің 36 түрінің 14-іне қатысты қолданылады. Ал қалған 22 төлем түрі бойынша қолданыстағы тәртіп өзгеріссіз қалады.
Министрлік мұқтаж отбасыларға көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары бұрынғы көлемде сақталатынын атап өтті.