Калифорнияда орман өрті өршіді
АҚШ-тың Калифорния штатындағы Ориндж округінде ірі орман өрті шықты.
Жалын небәрі үш сағат ішінде шамамен 188 гектар аумаққа таралған.
New York Post басылымының жергілікті өрт сөндіру қызметіне сілтеме жасап хабарлауынша, өрт салдарынан кемінде алты тұрғын үй бүлінген немесе толық жанып кеткен. Зардап шеккендер де бар.
Қауіпті аймаққа жақын орналасқан елді мекендердің тұрғындарын эвакуациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өрт сөндірушілер жалынды жерден де, әуеден де ауыздықтауға тырысуда.
Алайда Санта-Анадан соққан ыстық әрі қатты жел өртті сөндіру жұмыстарын қиындатып отыр. Жалынның одан әрі таралу қаупіне байланысты жағдай бақылауда.