Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:28, 12 Сәуір 2025

2020 жылдан бері Air Astana мен FlyArystan-ның 52 мыңнан астам рейсі бір сағаттан артық кешіккен

самолет летит
Фото: azattyq-ruhy.kz

2020 жылдан бері қазақстандық Air Astana және FlyArystan әуе компанияларының 52 мыңнан астам рейсі бір сағаттан артық уақытқа кешіктірілген. Бұл туралы ҚР Көлік министрлігі хабарлады.

Көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиевтің айтуынша, халықаралық тәжірибеге сәйкес, кешіккен, кейінге шегерілген және кеш ұшқан рейстер бір санатқа жатқызылады, себебі барлығы уақытылы орындалмаған рейс ретінде қарастырылады. Министрлік бір сағаттан артық кешіккен рейстерді тіркеу арқылы бұл көрсеткіштерді бақылап отыр.

Жолаушылардан шағым көп түскен

2020 жылдан 2025 жылдың алғашқы тоқсанына дейін рейстердің кешігуі мен жолаушылар құқығының сақталуына байланысты жолаушылар тарапынан көптеп шағым түскені айтылды. Тексеру нәтижесінде заңбұзушылық анықталған жағдайда, әуе компанияларына әкімшілік жаза қолданылған.

2020–2024 жылдар аралығында Қазақстандағы әуе компанияларына, әуежайларға, жеке және заңды тұлғаларға азаматтық авиация саласындағы заң талаптарын бұзғаны үшін жалпы сомасы 320 миллион теңге көлемінде айыппұл салынған. Бұл айыппұлдардың бір бөлігі жолаушыларға рейс күту кезінде тиісті қызмет көрсетілмегені үшін салынған.

Министрлік қазіргі уақытта жолаушылар құқығын қорғауды жетілдіруге бағытталған бірқатар заңнамалық өзгерістерді қарастыруда. Олар:

  • рейс кешігу кезінде әуежайда жолаушылардың жағдайын жақсарту;

  • әуе компаниялар тарапынан қызмет сапасын арттыру;

  • азаматтық авиацияда қауіпсіздік пен қызмет көрсету стандарттарын көтеру.

Тегтер: