Live

Қазақстан мен Қытай шекарасындағы автокөлік өткізу бекеттері бірнеше күнге жұмысын тоқтатады

Қазақстан мен Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу бекеттері бірнеше күнге жабылады. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

1

Қытай Халық Республикасының құрылған күніне байланысты 2026 жылғы 1, 2 және 3 қазанда Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу бекеттері арқылы адамдарды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайды.

Бұл ретте шекарадағы теміржол өткізу бекеттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.

Мемлекеттік кірістер комитеті шекарадан өтуді жоспарлап отырған азаматтар мен тасымалдаушыларға аталған шектеулерді ескеріп, маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрады.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз