Live

Перуде күшті жер сілкінісі болды: Лима тұрғындары үйлерінен шықты

Перуде күшті жер сілкінісі болды: Лима тұрғындары үйлерінен шықты

жер сілкінісі

Перудің орталық бөлігінде магнитудасы 6,7 болатын күшті жер сілкінісі тіркелді. Жерасты дүмпулері ел астанасы Лимада да сезіліп, тұрғындар қауіпсіздік мақсатында үйлерінен сыртқа шыққан.

Kazinform агенттігінің Қытайдың Синьхуа ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, жер сілкінісі 21 қараша, сенбі күні Гринвич уақытымен сағат 00:09–да (Астана уақытымен 05:09–да) болған.

АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі оңтүстік ендіктің 10,85 градусы мен батыс бойлықтың 75,98 градусы қиылысында орналасқан. Жерасты дүмпулерінің ошағы 108 шақырым тереңдікте болған.

Жер сілкінісі Перу астанасы Лимада да сезілген. Қатты дүмпулерден қауіптенген тұрғындар үйлерін тастап, көшеге шыққан.

АҚШ-тың цунами туралы ескерту жүйесінің мәліметінше, жер сілкінісінен кейін цунами қаупі туралы ескерту жарияланған жоқ.

Әзірге зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат берілмеді.

Бұған дейін Румынияда магнитудасы 5,3 болатын жер сілкінісі тіркелген еді. Оның дүмпулері Молдова мен Украинаның бірнеше облысында сезілген.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз