2027 жылы дзюдодан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
Қазақстанда 2027 жылы Дзюдодан Әлем чемпионаты өтеді. Бұл туралы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлімдеді.
Будапешттегі сапарымда Халықаралық Дзюдо Федерациясының (IJF) президенті Мариус Визермен өте маңызды кездесу өткіздім. Бұл кездесудің нәтижесінде елімізде дзюдоны дамыту бағытында бірқатар маңызды келісімдерге қол жеткіздік. Дзюдоның жанкүйерлеріне жақсы жаңалық! 2027 жылы дзюдодан әлем чемпионатын Қазақстанда өткізу туралы келісімге келдік. Бұл еліміз үшін үлкен абырой, әрі қазақстандық спортшылар үшін үлкен мүмкіндік болмақ. Өйткені чемпионат Лос Анджелес олимпиадасының қарсаңында өтеді, деп жазды министр.
Сонымен қатар, Халықаралық Дзюдо Федерациясының академиясының өкілдігін Қазақстанда ашу туралы уағдаластыққа қол қойылған.