Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:00, 26 Қараша 2021

49 миллион теңгенің алтынын әкеткен күдікті ұсталды

None
None

Түркістан облысының полицейлері сатушыны алдап, 49 миллионның алтын бұйымдарын алып кеткен күдікті әйелді ұстады.

Бұл туралы Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жетісай қаласындағы базарлардың бірінде алтын сатумен айналысатын жәбірленуші әйел, аудандық полиция бөліміне өзінің алданғанын айтып арызданды. Нақтырақ айтсақ жәбірленуші, өзіне жақын таныс емес әйелмен ауызша келісім жасап, оған ірі көлемде алтындарын көтерме бағада сатып отырған. Содан жәбірленуші 3 ай бойы алтындарын алып, сенімге кірген әйелден ақшаның жартысын кейін алуға келіскен. Алайда күдікті әйел соңғы алған алтындарының ақшасын бермей, ұшты-күйлі жоқ болады.  Келтірілген жалпы шығын көлемі 49 миллион теңгеден асады.  Полиция қызметкерлері аталған жайтты Қылмыстық Кодекстің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеді.         

Полицейлер осы қылмысты ашу мақсатында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Көрген-білгендерден жауап алды. Жан-жақты іздестіру жұмыстары нәтижесінде, күдікті ретінде жергілікті тұрғын ұсталды. Қазіргі таңда күдікті әйел қамауға алынып, осы оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.                                            

Белгілі болғандай, алаяқ әйел жәбірленушіден алған алтын бұйымдарын Жетісай ауданындағы ломбардтардың біріне өткізіп жіберген. Ақшасын өз қажеттілігіне жұмсаған. Қазіргі таңда аса ірі мөлшердегі алтын бұйымдар айғақты зат ретінде алынып, заңды иесіне қайтарылды.           

Тегтер: