Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:07, 29 Қараша 2024

Сириялық көтерілісшілер ірі шабуылға шықты

1
Фото: AP

Башар Асад режимінің қарулы қарсыластары ондаған елді мекендерді басып алып, Алеппоға жақындады.

Сириялық «Хайят Тахрир аш-Шам» радикалды тобының содырлары мен олардың басқа топтағы одақтастары бейсенбі, 28 қараша,  бір күн бұрын басталған шабуыл кезінде Алеппо провинциясындағы бірқатар маңызды позицияларды басып алды. «Хайят Тахрир аш-Шам» – бұрын «Әл-Қаиданың» Сириядағы филиалы болған «Джебхат ан-Нусрадан» бөлініп шыққан радикалды топ. Бұл топ көптеген елдерде террористік ұйым ретінде танылған.

Лондонда орналасқан Адам құқықтары жөніндегі Сирия обсерваториясының (SOHR) мәліметінше, шайқаста 121 содыр мен үкіметті қолдайтын Сирия Араб армиясының (SAA) 61 сарбазы қаза тапқан. Бейбіт тұрғындардың қазасы көп. Шабуылшылар қару қоймалары мен бронь көліктерді басып алған.

Reuters агенттігінің үкіметтегі әскери дереккөзге сілтеме жасап хабарлауынша, содырлар Алеппоның шетінен 10 шақырым жерде орналасқан. Бұл жер Иран қолдайтын «Хезболла» тобының мекені. Бұлардың базасы шииттер тұратын Нубла мен Захра қалаларынан бірнеше шақырым жерде орналасқа . Содырлар Алеппоның шығысындағы Найраб әуе базасына да шабуыл жасады. AR ақпарат агенттігінің хабарлауынша, олар Алеппо мен Дамаскті байланыстыратын маңызды М5 тас жолын жауып үлгерген. Түркияның Anadolu агенттігінің есебіне сәйкес, 28 қарашада содырлар 32 елді мекеннен SAA бөлімшелерін ығыстырып, жалпы ауданы 245 шаршы шақырым аумақты басып алған.

Көтерілісшілердің 2020 жылдан бергі ең ірі шабуылы

Иранның Tasnim ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иранның Сириядағы аға әскери кеңесшісі, бригада генералы Киумарс Поурхашими содырлармен қақтығыс кезінде қаза тапқан.

SANA мемлекеттік ақпарат агенттігі таратқан мәлімдемеде армияның «көптеген көтерілісшілер қатысқан және орташа және ауыр қарулар қолданылған ауқымды шабуылды» ауыр шығынмен тойтарып жатқаны айтылған.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, Түркия атысты тоқтату туралы келісімге келген 2020 жылдың наурызынан бергі Башар Асад режимінің қарсыластары жасаған ең үлкен шабуыл.

Тегтер: