Саясат

«51-штат»: Трамп Венесуэланың АҚШ құрамына қосылуы мүмкін екенін тағы меңзеді

АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде Венесуэла АҚШ-тың 51-штаты ретінде бейнеленген суретті жариялады.

Трамп

Оңтүстік Американың картасында Венесуэла аумағы АҚШ туының түстерімен боялып, «51st State» («51-штат») деген жазу қойылған. Алайда Трамп бұл жарияланымына ешқандай түсіндірме қоспаған.

Мұндай суретті АҚШ президенті бұған дейін 2026 жылдың мамыр айында да жариялаған болатын. Сондай-ақ ол Венесуэланы АҚШ-тың жаңа штатына айналдыру мүмкіндігін «байыпты түрде қарастырып жатқанын» да мәлімдеген.

1

Венесуэланың уақытша президенті Дельси Родригес бұл ұсынысты жоққа шығарып, елдің тәуелсіздігі мен егемендігі сақталатынын атап өткен.

Трамптың бұл жолғы жарияланымы да қандай да бір ресми шешімдер туралы мәлімдемемен қатар жүрген жоқ.

Жазба әлеуметтік желі қолданушыларының қызу талқысына түсті. Бірі мұны әзіл ретінде қабылдаса, енді бірі кезекті арандатушылық сипаттағы жарияланым деп бағалады.

Айта кетейік, бұған дейін АҚШ әкімшілігі Гренландияның америкалық бақылауға өтуі мүмкін екені туралы да бірнеше рет мәлімдеме жасаған болатын.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз