Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:50, 29 Қаңтар 2024

«55 балалы ата-ана»: Қазақстандағы ең үлкен отбасы қалай өмір сүруде?

55 балалы отбасы
Фото: из открытых источников

Қазақтар, орыстар, украиндар, немістер, сығандар, поляктар, әзірбайжандар, белорустар, корейлер, татарлар және тағы да басқа ұлттың балалары Қостанай облысының Лисаковск қаласында бір шаңырақ астына тұрып жатыр, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

Рустам Шүкіров пен Муаззама Мансұрова 55 балалы жанұя.

отбасы
Фото: из открытых источников

Көпбалалы отбасы панельдік үйде тұрады. Ерлі-зайыптының ресми түрде 55 баласы бар. Үшеуі биологиялық балалары, ал қалғандарын асырап алған. Қазіргі таңда пәтерде 41 бала тұрып жатыр. Қалғандары жоғары білім алады.

"2017 жылы біз балалар үйінің тәрбиеленушілерін қабылдауға шешім қабылдадық. Үш биологиялық баламыз бар - екі ұл, бір қыз. Қызымыз үшін балалар үйінен бала асырап алуды шештік. Алғашында 2-3 қыз асырап аламыз деп ойландық, алайда балалар үйінен үлкен отбасы болып шықтық. Алғашқы күндері таңға дейін ұйықтамадық. Бірақ бірте-бірте бәрін жеңіп шықтық», - дейді Рустам Шүкіров.

 

55 балалы отбасы
Фото: из tengrinews.kz
55 балалы отбасы
Фото: из открытых источников

 

"Алғашында жеті бала асырадық. Сосын солай тағы жетеу. Балалар ол жақта бірге ойнайтын достарының қалғанын айтып мұңаятын. Ал кейде балалар үйінің балалары біз туралы біліп, өздері хабарласатын. Біз асырап алған балалардың ең кішкентайы 11 айлық, ал ең үлкені 17 жаста болған еді»,- дейді ерлі-зайыптылар.

Көп балалы отбасындағы балалардың бәрі дерлік бір мектепте оқиды.

«Біздің жеті бала бір сыныпта оқиды. Барлығы бірге сабаққа барады. 3 қыз бір сыныпта оқиды. Екеуі ауырып, бірі жалғыз барса, мектепте оларсыз көңілсіз болатынын айтады.

Үйдің міндеттері бөлінген. Әрбір бөлмені тазалау үшін еден жууға, заттарды жинауға, ыдыс жууға және тағы да басқа белгілі бір жұмыс түріне балалардың біреуі жауапты болады.

Тәрбие мәселесінде де бізде нақты иерархия бар. Біз үлкен балалармен жұмыс істеу қиын болғандықтан, назарымыз мен бағытымызды үлкендерге бағыттап, тәрбиелейміз. Осылайша олар, кішкентайлар арасында келіспеушіліктер болса, бізге көмектеседі»,- деді көпбалалы ата-ана.