Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:49, 13 Ақпан 2024

Абай атындағы опера және балет театрына жаңа басшы тағайындалды

Айнұр Сайлаубайқызы
Фото: из открытых источников

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның бұйрығымен Абай атындағы Қазақ Ұлттық опера және балет театры директорының уақытша міндетін атқарушы лауазымына Айнұр Сайлаубайқызы Көпбасарова тағайындалды, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

Айнұр Көпбасарова 1975 жылы 7 ақпанда дүниеге келген. Бұған дейін "Түркістан музыкалық драма театрының" директоры қызметін атқарған. 

Одан бөлек 1999-2001: Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ көркем аударма жəне əдеби шығармашылық теориясы кафедрасы (оқытушы), 2001-2011: «Хабар» Агенттігі» АҚ (бас продюсер, бас редактор) қызметтерін атқарған. 

Айнұр Көпбасорва "Түркістан музыкалық драма театрының" директоры болып келгелі аталған театры көп жетістіктерге жетті. Атап айтсақ:

- "Махаббат мұнарасы” жылдың ең үздік аймақтық қойылымы атанды;

-  Әзербайжан Республикасында Әзербайжан мемлекеттік ұлттық театрының 150 жылдығына және жалпыұлттық көшбасшы Гейдар Әлиевтің 100 жылдығына, сондай-ақ ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымына 30 жыл толуына орай өткен І Халықаралық театр фестивалінде қазылар алқасының шешімімен Түркістан музыкалық драма театры «Ең үздік пластикалық қойылым» номинациясын иеленді;

- КСРО Халық артисі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қалибек Қуанышбаевтың 130 жылдығына арналған II Республикалық "Сын - шын болсын" театр фестивалінде "ШИНЕЛЬ" қойылымы үшін «ҮЗДІК СЦЕНОГРАФИЯ» номинациясын иеленді;

Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының XXIX республикалық фестивалінің қорытындысы бойынша "Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің арнайы сыйлығымен" "Мағжан" спектаклі марапатталды;

Әзербайжан Республикасында Әзербайжан мемлекеттік ұлттық театрының 150 жылдығына және жалпыұлттық көшбасшы Гейдар Әлиевтің 100 жылдығына, сондай-ақ ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымына 30 жыл толуына орай өткен I Халықаралық театр фестивалінде қазылар алқасының шешімімен Түркістан музыкалық драма театры “ҚОРҚЫТ ТУРАЛЫ АҢЫЗ” спектаклі үшін «Ең үздік пластикалық қойылым» номинациясын иеленді.

Қазақстан Республикасының “Ұмай” екінші ұлттық сыйлығының “Хореографиялық өнер” номинациясында “Үздік заманауи хореография спектаклі” сыйлығымен “ҚОРҚЫТ ТУРАЛЫ АҢЫЗ” пластикалық қойылымы марапатталды!

Ғылыми дәрежесі:

1999 жыл: филология ғылымдарының кандидаты. (диссертация тақырыбы: «Абайдың лирикалық
өлеңдерінің бейнелілігі жəне оның орыс тіліне аударудағы көркем табиғаты»).

Ғылыми еңбектері

2021 жыл: "Түркістан музыкалық-драма театрының инновациялық стратегиялары" ғылыми жобасы;
2016 жыл: "Абай өлеңдерін эстетикалық қабылдау". Түсіну, пайымдау, аудару (Абайтану:таңдамалы еңбектер);
1999 жыл: «Абай өлендерінің орыс тіліне аударылуы туралы" №32-Б.139.

Авторлық жобалары:

• 28-Халықаралық қысқы Универсиаданың ашылу жəне жабылу салтанаты, Алматы (2017 ж.) - авторлық құқық иесі;
• Халықаралық музыка фестивалі Star of Asia Almaty.kz (2017-2019 ж.) - сценарий, режиссура жəне идея авторы;
• "Алматының 1000 жылдығы" (2016 ж.);
• "Фариза" спектаклінің авторлық құқық иесі, идея авторы, со-режиссері, Москва, Современник театры (2019 ж.)