Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:42, 15 Мамыр 2024

Әблязовтың сыбайласы Қазақстанға өз еркімен келді

с
Фото: из открытых источников

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет банкир Мұхтар Әблязовтың тағы бір сыбайласы Қазақстанға өз еркімен қайтарылғанын айтты, деп хабарлайды Zhasalash.kz сайты.

Ведомства қазір «БТА Банкі» АҚ бұрынғы топ-менеджментіне қатысты қылмыстық істі тергеу жалғасып жатқанын айтты.

Қылмыстық іс бойынша 2009 жылдан бері іздеуде жүрген М.Әблязовтың тағы бір сыбайласы - Алексей Владимирович Богданов Қазақстанға өз еркімен қайтарылды. Ол «Metropolitan Manageres Corp» (BVI) оффшорлық компаниясының номиналды өкілі, «Беловод крахмал комбинаты» ЖАҚ Басқарма Төрағасы және «Маис Агро» ЖШС маманы ретінде банктің 300 млн теңгеден астам сомаға ақша қаражатын жымқырған, делінген хабарламада.

Күдіктінің жақын туыстарымен және адвокатымен түсіндіру жұмыстарының нәтижелері бойынша Богданов Қазақстанға оралуға және тергеуге жәрдемдесуге ниет білдіріп, ол туралы жазбаша өтініш жолдаған.

Ағымдағы жылдың 15 мамырында ҚР ІІМ Интерполының көмегімен Богданов Брюссель қаласынан (Бельгия) Алматы қаласына келді. Күдіктінің ерікті түрде оралуын, кінәсін толық мойындауын және тергеумен ынтымақтастығын ескере отырып, Богдановқа қатысты бұрын сайланған қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы кепілге өзгертілді. Қазіргі уақытта күдіктінің қатысуымен тергеу әрекеттері жүргізілуде, деді Антикор.

Қазір сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатқаны айтылды.

Фото: әлеуметтік желіден

Тегтер: