Саясат

«Әділ сөз» Олеся Вертинскаяға қатысты видеоны тексеруді сұрады

«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры Атыраудағы журналист әрі азаматтық белсенді Олеся Вертинскаяны полицияға күштеп жеткізуге қатысты видеоларға назар аударуды сұрады.

Олеся Вертинская

Қордың хабарлауынша, Вертинскаяның отбасы полицияның «мәжбүрлеп жеткізу» туралы нұсқасына қайшы келуі мүмкін видеожазбаларды ұсынған.

Туыстарының айтуынша, журналист полицияға шақырту бойынша өзі барған және тергеуден жасырынбаған. Ол бала күтіміне байланысты еңбекке жарамсыздық парағы бар екенін айтып, адвокатының келуін күтуді сұраған. Алайда отбасының мәлімдеуінше, Вертинская полиция басқармасының ғимаратына күштеп жеткізілген.

Бұған дейін Атырау облысының полициясы Вертинскаяның қылмыстық іс бойынша жауап алуға бірнеше рет шақырылғанын, заң талаптарын орындамағандықтан тергеуші оны мәжбүрлеп жеткізу туралы қаулы шығарғанын мәлімдеген. Сондай-ақ полиция белсенді қаулыны орындау кезінде қызметкерлердің заңды талабына бағынбай, қарсылық көрсетті деп хабарлаған.

Вертинская мен оның отбасы бұл мәлімдемемен келіспейді.

Еске салайық, 3 қыркүйекте Атырау соты Олеся Вертинскаяны екі айға үйқамаққа алды. Ол Қылмыстық кодекстің 107-бабы 2-бөлігінің 2 және 5-тармақтары – денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру бойынша күдікке ілінген.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз