Саясат

Ернар Хасенов Энергетика министрлігінің комитет төрағасы болып тағайындалды

Ернар Хасенов Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

Ернар Хасенов

Ернар Хасенов 1987 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. Инновациялық Еуразия университетін және «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританиядағы Стратклайд университетін бітірген.

Еңбек жолын Павлодар облыстық Автомобиль жолдары комитетінің департаментінде бастаған.

2010–2014 жылдары мемлекеттік энергетикалық қадағалау саласында түрлі қызмет атқарған. 2014–2023 жылдары Премьер-министр кеңсесінде жұмыс істеген.

2023–2025 жылдары Энергетика министрлігіне қарасты комитеттің Қарағанды облысындағы аумақтық департаментін басқарған.

2025 жылғы маусымнан бастап Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз