Қоғам

Әбу-Даби ханшайымы Лондонда ес-түссіз күйде табылған

Әбу-Даби ханшайымы Махра әл-Нахайян Лондон көшелерінің бірінде ес-түссіз күйде табылған. Бұл туралы британдық Daily Mail басылымы жазды.

Дубай

32 жастағы ақсүйек әйел үйдің жанында аяқкиімсіз, чемодан мен жан-жаққа шашылған заттардың қасында отырған. Оның үш жастағы баласы жақын маңда жүріп, көлік көп жүретін жолға жүгіріп шыққан.

Оқиға биыл жазда болған. Басылымның мәліметінше, Біріккен Араб Әмірліктеріндегі ықпалды әулеттің өкілі бірнеше күн бойы тыйым салынған заттарды қолданып, кейін есінен танып қалған.

13 қазанда сот ханшайымды балаға тиісті күтім жасамағаны үшін кінәлі деп таныды. Оған екі жыл бақылауда болу, міндетті оңалту курсынан өту және 6 мың фунт стерлинг айыппұл төлеу жазасы тағайындалды. Сотта ханшайым баласына жеткілікті назар аудармағанын ғана мойындаған.

Басылымның жазуынша, Әбу-Дабидің билеуші әулетінің байлығы 250 миллиард фунт стерлингтен асады. Ал Махраның жеке шығындарына ай сайын 8 мың фунт стерлинг бөлінеді деген мәлімет бар.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз