Оқиғалар

«Әділет» партиясы Әділет министрлігінде ресми тіркелді

2026 жылғы 1 маусымда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Әділет партиясы ресми түрде мемлекеттік тіркеуден өтті. Бұл туралы партияның баспасөз қызметі хабарлады.

Әділет партиясы, Дәдебай

Партия құрамына әртүрлі сала өкілдері енген. Олардың қатарында еңбек адамдары, мұнай сервистік және тау-кен металлургиясы саласының қызметкерлері, шахтерлер, спортшылар, білім беру, денсаулық сақтау және ғылым саласының мамандары, кәсіпкерлер, IT-сектор өкілдері, заңгерлер мен креативті индустрия мамандары бар.

Партия бағдарламасының негізіне әділеттілік, жауапкершілік, тең құқықтылық, отансүйгіштік және прогресс қағидаттары алынған.

Басым бағыттары қандай?

Партия мәліметінше, негізгі басымдықтар қатарында:

  • заң үстемдігі мен құқықтық тәртіп қағидаттарын нығайту;

  • тиімді мемлекеттік және қоғамдық институттарды дамыту;

  • өңірлерді қолдау;

  • цифрландыруды жеделдету;

  • адами капиталды дамыту;

  • бәсекеге қабілетті экономиканы қалыптастыру мәселелері бар.

Партия өз қызметін әділетті, заманауи әрі бәсекеге қабілетті Қазақстанды дамытуға қосылатын үлес ретінде қарастыратынын мәлімдеді. Ұйым кәсіби тәсілге, қоғамдық диалогқа және жауапты қоғамдық күн тәртібіне сүйенетінін атап өтті.

Алдағы уақытта Әділет партиясы өңірлердегі жұмысын бастап, партияның ұйымдық құрылымын қалыптастыруды жалғастырмақ.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз