14:24, 16 Тамыз 2024
АЭС салу мәселесі Алматыда талқыланды
Алматыда Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша 19-шы жария талқылау өтті.
Энергетика министрлігінің мәліметінше, талқылауға атом саласының сарапшылары, мемлекеттік органдардың және азаматтық сектордың өкілдері қатысты.
Іс-шараның модераторлары қалалық Қоғамдық кеңестің мүшесі Борис Жапаров, Қазақстан Азаматтық альянсының президенті Бану Нұрғазиева және Алматы Азаматтық альянсының төрағасы Қайыржан Әбдіхалықов болды.
Айта кетейік, 2024 жылдың маусым айының соңында президент атом электр станциясын салу бойынша референдум осы жылдың күзінде өтетінін мәлімдеді. Нақты күнді Қазақстан үкіметі айқындайды.