Қоғам

Қазақстандық азамат Ресейге Тайландтан есірткі тасымалдап, 16 жылға сотталды

Саратов облыстық соты 23 жастағы Қазақстан азаматы Н. Ерболовты есірткі контрабандасы және оны сатуға оқталу бойынша кінәлі деп танып, қатаң режимдегі колонияда 16 жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар оған 500 мың рубль айыппұл салынды.

полиция

Сот мәліметінше, ер адам ақша табу мақсатында қылмыстық топпен жұмыс істеуге келіскен. Ол Тайландта салмағы 4 келіден асатын есірткі салынған чемоданды алып, наурыз айында Бангкок – Мәскеу – Саратов бағытымен Ресейге жеткізген.

Саратов маңындағы Энгельс қаласында жалға алған үйде есірткіні әрі қарай интернет арқылы сату үшін бөліп, дайындаған.

Сәуір айында оны полиция ұстаған.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз