Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:10, 21 Мамыр 2024

Ахмет Байтұрсынұлы туралы жаңа фильм жарыққа шықты

а
Фото: из открытых источников
23 мамырдан бастап Қазақстанның барлық кинотеатрларында «Соңғы үкім» толықметражды көркем фильмі көрсетіледі, деп хабарлайды Zhasalash.kz сайты.

Министрлік мәліментінше, аталған туындыда Ресей империясы мен Еуропаның айтулы университеттерін тәмамдаған білімпаз қазақ зиялыларының алғашқы толқыны ұстаз деп мойындаған бастауыш сынып мұғалімінің өмір жолы туралы баяндалады. 

Фильмде Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тіл білімінің негізін салып, XX ғасырдың бас шеніндегі ірі түрколог ғалымдар оны қалай тең тұтқаны көрсетіледі. Сондай-ақ бұл фильм өлім тәнін алса да, бірақ өзін ешқашан жоғалтпай, істеген барлық істері келер ұрпақтың игілігіне айналады деп сенген Ахметтің өмірінің соңғы сәттерінен сыр шертеді. Кинотуындыны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысымен, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен «Folklore media» студиясы түсірді, делінген Мәдениет министрлігінің хабарламасында. 

Ал, фильмнің қоюшы режиссерлері: Ерген Тоқмурзин, Ерлан Нұрмұхамбетов. 

Продюсер және сценарий авторы: Ғалым Доскен;
Қоюшы оператор: Марс Умаров;
Қоюшы суретші: Амантур Бейсенбинов.

Фильмде Ахмет Байтұрсынұлының образын актер Азамат Сатыбалды, жұбайы Бадрисафаның рөлін Дарья Александрова ойнайды. Әлихан Бөкейхановты - Айдар Наурызбаев, Міржақып Дулатұлының образын танымал актер Еркебұлан Дайыров сомдайды.

Фильм Алматы, Семей қалалары мен Абай, Алматы, Жетісу облыстарының жерінде түсірілген.

2024 жылдың 23 мамырынан бастап Қазақстанның барлық кинотеатрларында көрсетіледі.

Фото: Мәдениет министрлігі