Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Кеше, 14:40

Air Astana Үндістан мен Пәкістан арасындағы қақтығыс салдарынан Дели мен Мумбайға рейстерін тоқтатты

самолет летит
Фото: azattyq-ruhy.kz

Қазақстандық авиациялық компания Air Astana Үндістан мен Пәкістан арасындағы қарулы қақтығыс салдарынан әуе кеңістігінің жабылуына байланысты рейстерін тоқтатты.

Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

8 мамырдан бастап Air Astana Алматы – Дели – Алматы және Алматы – Мумбай – Алматы бағыттары бойынша KC 907/908 және KC 291/292 рейстерін тоқтату туралы шешім қабылдады. Әуе кеңістігінің жабылуына байланысты осы рейстердің орындалуы мүмкін болмады.

Компания билет алған жолаушыларға толық ақшасын қайтару ұсынылатынын мәлімдеді.

"Қазіргі уақытта әуе компаниясы Қазақстан Республикасының азаматтары мен басқа да Air Astana жолаушыларын елге қайтару үшін баламалы маршруттар бойынша репатриациялық рейстер ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыруда. Біз жағдайдың дамуын мұқият бақылап отырмыз және жолаушыларды кез келген өзгерістер туралы жедел хабардар етеміз", — делінген Air Astana хабарламасында.

6 мамыр кешке Индия мен Пәкістан бір-біріне зымыранмен соққы беріп, қақтығыс барысында бірнеше  адам қаза тапқан.