Live

Қаза тапқан үш әскери қызметкердің сүйегі Оралға жеткізілді

Маңғыстау облысында қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан үш әскери қызметкердің денесі Орал қаласына жеткізілді.

Әскер

25 қыркүйек күні таңертең арнайы рейспен Жеңіс Темірғалиев, Өмірбек Өмірзақ және Ақжайық Ғилаждың денесі Орал әуежайына жеткізілген.

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің мәліметінше, марқұмдармен қоштасу және жерлеу рәсімі 26 қыркүйекте өтеді.

Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар қаза тапқан әскери қызметкерлердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді. Кәсіпкерлер тарапынан да қолдау көрсетілетіні айтылды.

Еске салайық, Маңғыстау облысында әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен 25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Тегтер: сарбаз өлімі
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз