Саясат

Әкімдік Кіші Алматы өзенінің каскадтары неге алынып жатқанына түсінік берді

Алматыда Кіші Алматы өзеніндегі каскадты төсемелер алынып тасталды. Экологтар өзеннің каскадты төсемелері алынып тасталғанына наразылық білдірді.

Әкімдік Кіші Алматы өзенінің каскадтары неге алынып жатқанына түсінік берді

Олардың айтуынша, каскадтың арқасында өзеннің арқыраған ағыны азаяды. Сондай-ақ, қаланың микроклиматына жайлы, жазда ауаны салқындатады. Қалалық жасыл экономика басқармасы бұл дерекке қатысты түсініктеме берді.

«Кіші Алматы өзенінің жағалауын қайта қалпына келтіру жобасының аясында Бөгенбай көшесімен қосымша су құбырын орнату жоспарланған. Су өткізетін жүйе ескірген. Су кейде жолдарға шығып кетеді, тротуарларды басып қалады. Алынған каскад плиталары жоба бойынша су құбыры орнатылған соң қайтадан төселетін болады», -деді басқармадан.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз