Саясат

"Барлығы шаршады": Лукашенко Украинадағы соғыс бірнеше айда аяқталуы мүмкін екенін айтты

Беларусь президенті Александр Лукашенко Украинадағы соғыс алдағы бірнеше айда аяқталуы мүмкін деп санайды.

Лукашенко

Ол мұны IV Минск халықаралық Еуразиялық қауіпсіздік конференциясында айтты.

"Украинадағы соғыс алдағы айларда аяқталады. Бұл – менің жеке пікірім. Күш те, ресурс та қалмады. Барлығы шаршады", – деді Лукашенко.

Сондай-ақ Беларусь басшысы соғыс 2022 жылы-ақ бірнеше аптаның ішінде аяқталуы мүмкін болғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, Киевтің ағылшындық серіктестері Украинаны қарумен қамтамасыз етіп, соғысты жалғастыруды талап еткен.

Беларусь президенті Украинадағы қақтығыстың одан әрі өршуі ядролық қару қолданылатын жаһандық соғысқа ұласуы мүмкін екенін де айтты.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз