Саясат

Орал қаласы әкімінің орынбасарына 648 мың теңге айыппұл салынды

Орал қаласы әкімінің орынбасары бәсекелестік туралы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Шенеунік

Оған 648 мың теңге айыппұл салынып, қаражат толық өндірілді.

Прокуратура қандай заңбұзушылықты анықтады?

Орал қаласының прокуратурасы жергілікті атқарушы органның қызметіне жүргізген талдау барысында бәсекелестікке қарсы әрекеттерді анықтаған. Атап айтқанда, қалалық әкімдіктің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бірнеше жобалау ұйымымен меморандум жасасқан.

Құжатқа сәйкес, компаниялар жобалау-сметалық құжаттаманы тегін әзірлеуге міндеттелген. Ал кейін бұл жобаларды бюджет қаражаты есебінен жүзеге асыру жоспарланған. Прокуратура мұндай келісімдер бәсекелестікке қарсы әрекетке әкелгенін мәлімдеді.

Әкім орынбасарына қандай жаза қолданылды?

Анықталған заңбұзушылыққа байланысты Орал қаласы әкімінің орынбасары Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 163-бабы 1-бөлігі бойынша жауапқа тартылды.

Бұл бап мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың бәсекелестікке қарсы әрекеттері немесе әрекетсіздігі үшін әкімшілік жауапкершілікті қарастырады.

Нәтижесінде әкім орынбасарына 648 мың теңге айыппұл салынып, ол толық көлемде өндірілген.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Тегтер: БҚО
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз