Оқиғалар

Ақмола облысында көкпар ойыны кезінде 14 жастағы жасөспірім қаза тапты

Ақмола облысының Целиноград ауданында өткен көкпар ойыны қайғылы жағдаймен аяқталды.

Көкпар

Қабанбай батыр ауылындағы мектептердің бірінде оқитын 14 жастағы жасөспірім ат үстінен құлап, ауыр жарақат салдарынан көз жұмды.

Куәгерлердің айтуынша, жасөспірім ойын барысында есінен танып қалған. Оқиға орнына жедел көмек шақырылғанымен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

Алғашында әлеуметтік желілерде көкпарды ауыл жастары ұйымдастырғаны туралы ақпарат тараған. Алайда кейін бұл ересектер арасында өткен жаттығу ойындары болғаны анықталды. Белгілі болғандай, қайғылы жағдай орын алған сәтте ойынға кәмелетке толмаған бала да қатысқан.

Ақмола облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы аталған шараның ресми түрде өткізілмегенін мәлімдеді. Ведомство өкілдері ұйымдастырушылардың жергілікті атқарушы органдармен немесе спорт мекемелерімен келісім жасамағанын атап өтті.

Қазіргі уақытта оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, полиция барлық мән-жайды тексеріп жатыр.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз