09:12, 02 Желтоқсан 2024
Ақмола облысында өрттен екі бала қаза тапты
Ақмола облысында жеке үйде өрт шығып, салдарынан екі бала қаза тапты. Оқиға Бұланды ауданындағы Шұбарғаш ауылында болған.
Белгілі болғандай 2017 және 2021 жылы туған екі бала ысқа уланып көз жұмған.
«ТЖД телефондарына қоңыраулар түскен жоқ. Өртті оқиға куәгерлері сөндірді», - деп хабарлады Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Өрттің шығу себептерін облыстық өрт сөндіру бөлімінің ғылыми-зерттеу сынақ зертханасының қызметкерлері анықтап жатыр.
Бұланды ауданының төтенше жағдайлар бөлімі сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Айта кетейік, 17 қарашада Астанада жеке үйден өрт шығып, салдарынан 2011, 2015, 2021 және 2022 жылы туған төрт бала қаза тапты.