АҚШ "Азаттық Радиосы" медиакорпорациясын қаржыландыруды қайта бастады

АҚШ-тың Жаһандық медиа агенттігі (USAGM) бұған дейін қабылдаған "Азаттық Радиосы" медиакорпорациясын қаржыландырудан бас тарту туралы шешімін қайта қарап, грантты қалпына келтірді.
Бұл туралы USAGM басшылығының аға кеңесшісі Кэри Лейктің хатында айтылған.
Вашингтондағы Федералды округтік сот "Азаттық Радиосын" USAGM-ге қарсы берген шағымын қарап, медиакорпорацияға қаржыландыруды тоқтату уақытша тоқтатылатыны жөнінде шешім шығарды. Судья Ройс Ламберт бұл шешімнің"Азаттық Радиосы" қызметіне орны толмас зиян келтіруі мүмкін екенін мәлімдеді. Ол USAGM басшылығының Конгресс шешімін елемей, біржақты түрде қаржыландыруды тоқтатуына қарсы пікір білдірді.
"Азаттық Радиосы" бас директоры Стивен Капус судьяның бұл шешімін оң бағалап, АҚШ Конгресінің бөлген қаражатын пайдалануға мүмкіндік беретінін айтты. Оның айтуынша, қаржыландыруды тоқтату туралы шешім АҚШ Конституциясына қайшы келеді.
"Азаттық Радиосы" 2025 жылдың қазан айына дейін АҚШ федералды үкіметінен 77 миллион доллар көлемінде қаржы алуы тиіс. Бұл қаражат медиакорпорацияның қызметін жалғастыруына мүмкіндік береді.
1953 жылы құрылған "Азаттық Радиосы" тәуелсіз медиакорпорация. Оның қызметі АҚШ Конгресінің қаржылай қолдауы арқылы жүзеге асады. Алайда, Дональд Трамптың президенттікке қайта оралуынан кейін АҚШ үкіметінің жеті мемлекеттік агенттігінің қызметін қысқарту туралы шешім қабылданды. Осы тізімге USAGM де кірді, бұл өз кезегінде ""Азаттық Радиосы" жұмысына әсер еткен еді.