Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:42, 27 Маусым 2024

АҚШ Газадағы Израиль әрекетіне қатысты жеке тергеу жүргізіп жатыр

Миллер
Фото: aa.com.tr

АҚШ Газа секторындағы ықтимал әскери қылмыстарға қатысты жеке тергеу жүргізіп жатыр. Бұл туралы Anadolu агенттігі мәлімдеді. 

«Мен Израильге қатысты тергеулерге қоса, Америка Құрама Штаттарының осы қақтығыстағы ықтимал әскери қылмыстарға қатысты жеке тергеу жүргізіп жатқанын айтуым керек», - деді АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілі Мэттью Миллер агенттікке.

АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілі бұл тергеулердің әлі де жалғасып жатқанын атап өтті. Алайда ол «тергу қалай жүзеге асырылатыны» туралы түсінік беруден бас тартты.

Сонымен қатар, Миллер Израиль мен Ливан арасындағы соңғы уақытта күшейген шекаралық қақтығыстарды әлі де дипломатиялық жолмен шешуге болатынына сенім білдірді.

АҚШ 2023 жылдың 7 қазанынан бері Газа секторында Израиль жасаған ықтимал соғыс қылмыстары туралы риторикадан ары бармағаны үшін Мемлекеттік департаменттің баспасөз конференцияларында тілшілер тарапынан бірнеше рет сынға қалған.

Агенттік ақпаратынша, өткен жылдың 7 қазанынан бері бері Газада 37 600-ден астам палестиналық қаза тапқан, олардың көпшілігі әйелдер мен балалар. 

Сондай-ақ, 86,2 мыңнан астам адам зардап шекті, мұны жергілікті денсаулық сақтау органдарының деректері көрсетеді. Израильде қаза тапқандар саны 1200-ге жуықтаған.

Израильді геноцид жасады айыптаған Халықаралық сот өз үкімінде Тель-Авивтен Израильдің үздіксіз шабуылдары салдарынан 1 миллионнан астам палестиналық паналаған Рафахтағы шабуылдарды дереу тоқтатуды талап етті.