Әлеумет

АҚШ Иранға қатысты мұнай санкцияларын қайта енгізді

АҚШ Ормуз бұғазында үш танкерге жасалған шабуылдардан кейін Иранға қатысты мұнай санкцияларын қайта күшіне енгізді.

Ормуз

Вашингтон Тегеранның әрекетін «мүлдем жол беруге болмайтын әрекет» деп бағалады.

7 шілдеде АҚШ Қаржы министрлігінің Шетелдік активтерді бақылау басқармасы (Office of Foreign Assets Control) бұған дейін Иранның шикі мұнайын өндіруге, тасымалдауға және сатуға уақытша рұқсат берген лицензияның күшін жойды.

Бұл лицензия маусым айының ортасында АҚШ пен Иран арасында жасалған негіздемелік келісімнің негізгі тармақтарының бірі болған. Келісім аясында санкциялар уақытша жеңілдетілген еді. Алайда АҚШ әкімшілігі санкциялық жеңілдіктердің сақталуы Иранның әрекетіне тікелей байланысты екенін мәлімдеді. Вашингтонның айтуынша, Тегеран тек «тиісті мінез-құлық танытқан жағдайда ғана» мұндай жеңілдіктердің пайдасын көре алады.

Сонымен қатар АҚШ Иранды Ормуз бұғазындағы танкерлерге шабуыл жасады деп айыптады.  Сондай-ақ АҚШ әскері Иран аумағына жаңа ауқымды соққылар жасағанын хабарлады.

United Kingdom Maritime Trade Operations мәліметінше, танкерлердің бірі дрон шабуылына ұшырап, зақым келгенн. Бұдан бөлек, Катардың сұйытылған газ тасымалдайтын Al-Rekajat танкері белгісіз снарядтың соққысынан ауыр зақымданған. Үшінші шабуылға ұшыраған кеме туралы нақты мәлімет жарияланған жоқ.

Еске салсақ, маусым айының соңында АҚШ Қаржы министрлігі 60 күнге уақытша бас лицензия беріп, Иран мұнайын өндіруге, жеткізуге және сатуға рұқсат еткен болатын. Лицензия 2026 жылғы 21 тамызға дейін әрекет етуі тиіс еді. Ол Иран мұнайы мен мұнай өнімдерін АҚШ-қа импорттауға да мүмкіндік берген.

Тегтер: АҚШ Иран
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз