Әлеумет

Арон Атабектің қызы Тоқаевтан әкесін ақтауды сұрады

Арон Атабектің қызы Тоқаевтан әкесін ақтауды сұрады

Арон Атабек

Ақын, диссидент Арон Атабектің қызы Алма Нұтышева президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасап, марқұм әкесін ақтауды  сұрады.

Алма Нұтышева әлеуметтік желіде жариялаған видеоүндеуінде әкесінің Желтоқсан оқиғасына құқықтық мәртебе беруге және Шаңырақ тұрғындарының баспаналарын заңдастыруға қосқан үлесіне тоқталған. Ол билікті әкесін қайтыс болғаннан кейін ақтауға шақырды.

Биыл қарашада Арон Атабектің қайтыс болғанына бес жыл толды.

Арон Атабек 2006 жылғы Алматыдағы Шаңырақ оқиғасына байланысты 18 жылға бас бостандығынан айырылған. Ол тағылған айыптарды мойындамаған. Түрмеде 15 жыл отырған ақын 2021 жылғы 1 қазанда денсаулығына байланысты босатылып, сол жылдың 24 қарашасында 68 жасында қайтыс болды.

Айта кетейік, 2022 жылы да Арон Атабектің қызы әкесін саяси қуғын-сүргін құрбаны деп тануды және ақтауды сұрап, петиция жариялаған еді.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Тегтер: Арон Атабек
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз