Саясат

«АҚШ Иранмен келісу үшін 300 млрд доллар берген жоқ» – Трамп

Трамп Вашингтонның Иранға 300 млрд доллар төлеуді жоспарлап отыр деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

Трамп

Ол бұл туралы Truth Social әлеуметтік желісінде жазды.

«Иран ешқашан ядролық қаруға ие болмауға келісті. Сонымен қатар АҚШ Иранға 300 млрд доллар төлейді деген әңгіме – демократтар таратқан жалған ақпарат», - деді Трамп.

Бұған дейін Financial Times басылымы Трамп әкімшілігі Иранды қалпына келтіруге арналған 300 млрд долларлық қор құру мүмкіндігін талқылап жатқанын хабарлаған еді. Басылым мәліметінше, бұл қорды мемлекеттер емес, Иранға инвестиция салуға мүдделі жеке компаниялар қаржыландыруы мүмкін.

Сондай-ақ, Иранның аталған қаражатқа қол жеткізуі жаңа келісім талаптарын орындауына байланысты болмақ. Қор қаражаты елдің инфрақұрылымын қалпына келтіру мен жаңғыртуға жұмсалуы ықтимал.

Өз кезегінде АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс CBS News арнасына берген сұхбатында Иранға 300 млрд доллар көлеміндегі қайта құру қорына қол жеткізу мүмкіндігі қарастырылып жатқанын айтқан. Оның сөзінше, егер Тегеран болашақ келісім шарттарын орындаса, қаржыландыруды Парсы шығанағы елдерінің коалициясы қамтамасыз етуі мүмкін.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз