16:42, 08 Қазан 2024
АҚШ Қазақстанда атом электр стансасын салуға дайын екенін мәлімдеді
АҚШ Қазақстанда АЭС салуға қызығушылық танытып отыр. Бұл туралы Informburo.kz мәлімдеді.
Американың сауда палатасының вице-президенті Хуш Чокси соңғы технологияларды пайдалана отырып Қазақстанда атом электр стансасын салуға дайын екенін тағы бір мәрте мәлімдеді.
Сонымен қатар ол АЭС салуға қатысты тендер жарияланған жағдайда қатысатынын айтты.
"Біз бұл тақырыпты Зерттеу реакторының кешені бас инженерінің орынбасары Асхат Бекбаевпен талқылап көрмекпіз", – деді Американың сауда палатасының вице-президенті.