Қырғызстандық блогерлер діни куәліксіз ислам жайында подкаст түсіре алмайды
Қырғызстанда ислам тақырыбында подкаст түсіріп, діни мәселелерді көпшілік алдында талқылайтын блогерлерге арнайы куәлік алу талабы енгізілмек. Бұл туралы 24.kg хабарлады.
Жаңа тәртіпке сәйкес, діни мазмұндағы контент жасайтын азамат Қырғызстан мұсылмандарының діни басқармасына жүгінуі керек. Сол жерде оның діни білімі расталып, блог жүргізетін бағыты нақтыланады.
Арнайы куәлік бір жыл мерзімге беріледі. Қолданыс мерзімі аяқталғаннан кейін оны ұзартуға болады.
Егер блогер дінге қатысты шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат таратса, берілген куәліктен айырылуы мүмкін.
Сонымен қатар Қырғызстан заңнамасына "діни уағызшы" деген жаңа ұғым енгізілген.