Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:25, 27 Қазан 2023

АҚШ Сирияның шығысындағы екі нысанды әуеден соққылады

ы
Фото: из открытых источников

Нысандарды Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы мен соған қатысы бар өзге де топтар пайдаланады

АҚШ қорғаныс министрлігінің сайтындағы мәліметке қарағанда, кейінгі аптада Сирия мен Ирактағы америкалық әскери базаларға жасалған шабуылдардан соң екі нысанға соққы жасау жөнінде шешім қабылданған.

Пентагон басшысы Ллойд Остиннің мәлімдеуінше, соққы жасауға АҚШ президенті Джо Байден рұқсат берген.

Пентагон бұл соққы Ирак пен Сириядағы Америка жауынгерлерін қорғау мақсатында жасалғанын атап өтті. Соққының Израиль мен ХАМАС арасындағы жанжалға қатысы жоқ.