16:37, 15 Мамыр 2024
АҚШ Украинаға қосымша 2 миллиард доллар бөледі

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Украинаға әскери қажеттіліктер үшін қосымша 2 миллиард доллар бөлетінін хабарлады.
АҚШ қорғаныс өнеркәсібінің жаңа қоры арқылы Украинаға қосымша 2 миллиард доллар әскери қаржы бөлуді көздеп отыр. Бұл туралы АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Киевте Украина Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулебамен бірлескен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
«Қосымша айтқым келеді, біз [Украинаға] жаңа қорғаныс өнеркәсібі қоры арқылы қосымша 2 миллиард доллар береміз», - деді ол.
Оның айтуынша, АҚШ-тың Украинаға көмектесетін жаңа қоры Киевтің басқа елдерден қару-жарақ сатып алуын да, Украинаның өзінің әскери-өнеркәсіп кешенінің дамуын да қамтамасыз етеді.
Фото:Brendan Smialowski / Reuters