Саясат

Трамп Си Цзиньпинді әуежайдан өзі қарсы алды: Қытай басшысы АҚШ-қа 11 жылдан кейін барды

Трамп Си Цзиньпинді әуежайдан өзі қарсы алды

Трамп пен Си

Қытай төрағасы Си Цзиньпин АҚШ-қа үш күндік мемлекеттік сапармен барды. Оны Вашингтон маңындағы Эндрюс әскери базасында АҚШ президенті Дональд Трамп пен бірінші ханым Мелания Трамп жеке қарсы алды. Си Цзиньпинмен бірге жұбайы Пэн Лиюань да келді. 

Қытай басшысының ұшағы 23 қыркүйекте Мэриленд штатындағы Joint Base Andrews базасына қонды. Си Цзиньпин мен оның жұбайына қызыл кілем төселіп, құрмет қарауылы сап түзеді. 

Трамптың шетелдік мемлекеттің басшысын әуежайдан өзі қарсы алуы – АҚШ дипломатиялық хаттамасында сирек кездесетін жағдай. Әдетте шетелдік көшбасшыларды АҚШ президенті Ақ үйде қабылдайды. 

Бұл – Си Цзиньпиннің АҚШ-қа үш жылға жуық уақыттан кейінгі алғашқы сапары, ал Вашингтонға мемлекеттік сапармен он жылдан астам уақыттан бері алғаш келуі. 

Сапар 23-25 қыркүйек аралығына жоспарланған. 24 қыркүйекте Трамп пен Си Цзиньпин келіссөз жүргізеді. Кездесуде АҚШ пен Қытай арасындағы сауда, сирек кездесетін металдар, жасанды интеллект және басқа да халықаралық мәселелер талқыланбақ. 

Айта кетейік, АҚШ пен Қытай Си Цзиньпиннің сапары қарсаңында екі ел арасындағы сауда бітімін 2027 жылғы 10 қаңтарға дейін ұзартуға келісті. 

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз