Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:51, 24 Қараша 2023

«Ақшаны кім көрінген алса арты жақсы болмайды» – Тимур Сүлейменов

Тимур
Фото: из открытых источников

Ұлттық банк 9-20-25 бағдарламасын қаржыландыруға қатыспайды. Бұл туралы бүгін Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді, деп хабарлады Zhasalash.kz.

Ұлттық банкте өткен баспасөз мәслихаты барысында Тимур Сүлейменовке БАҚ өкілдері келер жылы басталатын 9-20-25 бағдарламасына Ұлттық қордан қанша қаражат бөлінетінін сұрады. 

«9-20-25 бағдарламасына Ұлттық банктің немесе Ұлттық қордың қаражаты жұмсалмайды. Үкімет қаржыландырады», - деп жауап берді Тимур Сүлейменов.

Сонымен қатар Сүлейменов бағдарламаның баспана бағасына қалай әсер ететінін айтты.

«Қалай әсер ететіні бөлінген қаражатқа байланысты болады. Егер қаражат көбірек бөлінсе, сұраныс та артады да, тиісінше азаматтар баспанасын нарыққа жаппай алып шығады. Әлбетте, бұл бағаға әсер етеді. Бірақ меніңше, өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, жалпы үкімет мұның бәрін ескеріп отыр. Бізде құрылыс өсім жағынан көш басындағы саланың бірі – 10 айдың ішінде 12 пайызға өскен. Сол себепті үлкен проблема жоқ деп есептеймін.

Меніңше, ең алдымен осы көмекті кім алады – соны айқындап алған абзал. Егер кім көрінген алса, яғни өтінімді бірінші бергендер берсе бір бөлек. Халықтың аз қамтылған тобы алса бір бөлек. Мен екінші топқа көбірек көңіл бөлер едім. Халықтың баспанаға мұқтаж тобын айқындап алып, қаражатты соларға бөлген жөн болар еді. Үкімет біздің ресурссыз бағдарламаны өзі іске асырып жатқаннан кейін біз өз ойымызды оларға жеткізген жоқпыз», - деді Тимур Сүлейменов.