Қоғам

Ақтау қаласында 36 гектарға жуық жер мәжбүрлі түрде қайтарылды

Ақтау қаласында орналасқан 36 гектарға жуық жер мәжбүрлі түрде қайтарылды.

а

ҚР АШМ ЖРБК Маңғыстау облысының Жер ресурстарын басқару департаменті профилактикалық бақылау барысында бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) барып тексеру арқылы Ақтау қаласының әкімдігі кадастрлық құны-646,1 млн теңге болатын 3 жер учаскесін беру кезінде Жер кодексінің 48 – бабының талаптарын сақтамағанын анықтады, делінген хабарламада.

Департамент тарапынан сот органдарына жер учаскесін мемлекет меншігіне мәжбүрлі түрде қайтару туралы талап-арыз берді.

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен Департаменттің талаптары толық қанағаттандырылды.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Тегтер: Ақтау
Nazym Sapar
Nazym Sapar Nazym Sapar

Оқыңыз