Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:42, 14 Қараша 2024

Ақтауда газ тапшылығынан жанармай құю бекеттерінде кезек қайта басталды

1
Фото: ашық дереккөз

Ақтауда газ тапшылығынан жанармай құю бекеттерінде кезек қайта басталды.

Әлеуметтік желілерде жүргізушілер қалада газ тапшылығына шағымданған видеолар тарап жатыр. Соның салдарынан газ құю бекеттерінде  күн сайын ұзын-сонар кезек пайда болады.

Жүргізушілердің айтуынша, қалалық жанар-жағармай құю станцияларында сұйытылған газды жеткізуде қиындықтар туындап отыр. Көптеген жанар-жағармай бекеті жабық, ал газ бар жерде ұзын-сонар кезек.

"Жанармай тапшылығы мәселесі шешілген жоқ. Билік газ тапшылығы болмайды деп уәде еткенімен, іс жүзінде керісінше жағдайды көріп отырмыз. Қаладағы түрлі жанармай құю бекеттерінде күн сайын ұзын-сонар кезек пайда болады", - деп жазды lada.kz редакциясы.

Айта кетейік, қарашаның басында Ақтаудағы жанар-жағармай құю бекеттерінде қарбалас болғаны хабарланған болатын. Көптеген жанар-жағармай құю бекетінде "газ жоқ" деп жазып қойылды. 

Облыс әкімдігі жағдайды бақылауда ұстап, жанармай құю бекеттеріндегі кезектердің болуын және сұйытылған мұнай газын өңірге тасымалдауды қадағалап отырғанын хабарлады. Билік жанармай жағдайы қараша айында тұрақталады деп уәде берген еді.

Тегтер: