Қоғам

Ақтауда «Жасыл ел» бағдарламасына құжат тапсыру үшін адам көп жиналып, әйел адам есінен танып қалды

Ақтауда «Жасыл ел» жастар бағдарламасына құжат қабылдау кезінде адам көп жиналып жиналып, кептеліс болған. Соның салдарынан бір әйелдің жағдайы нашарлап, есінен танып қалған.

Ақтау

Оқиға 18 мамыр күні таңертең Жастар үйінің алдында болған. Бағдарламаға қатысу үшін тұрғындар таңғы сағат 6-дан бастап жинала бастаған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, әуелі бір кезек тізімі жасалып, кейін екінші тізім пайда болған. Соның салдарынан түсініспеушілік туындап, құжат қабылдау басталған сәтте адамдар көптеп жиналған.

Ғимарат ішінде адам саны күрт көбейіп, кептеліс болған. Осы кезде кезекте тұрған әйелдердің бірінің жағдайы нашарлап, есінен танып қалған. Тұрғындар құжат қабылдау жұмысының дұрыс ұйымдастырылмағанына шағымданды.

Олардың пікірінше, өтінімдерді онлайн форматта қабылдауға немесе адамдар ағынын алдын ала реттеуге болатын еді. Ақтау қаласының әкімдігі Жастар үйінің алдына 100-ден астам адамның жиналғанын растады.

Ведомство мәліметінше, адам көптігінен ғимарат ішінде кептеліс болған. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылып, әйелге қажетті медициналық көмек көрсетілген.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз