Қоғам

Ақтаудағы дәмханада ер адамның бетіне оқ атқан күдікті ұсталды

Ақтаудағы дәмханалардың бірінде ер адамға оқ атылған оқиға бойынша күдікті қолға түсті.

Ұстау

Оқиға 8 шілде күні қаладағы кафелердің бірінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, белгісіз адам келушілердің біріне жақындап, оның бет тұсына оқ атып, оқиға орнынан кеткен.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, күдікті жедел іздестіру шаралары барысында ұсталған. Зардап шеккен азаматқа медициналық көмек көрсетілген. Дәрігерлер оның өміріне қауіп жоқ екенін мәлімдеді.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланған жоқ.

Тегтер: Ақтау оқ ату
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз