Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Кеше, 21:15

Ақтаудағы ұшақ апаты: Қазақстан азаматтарының барлығы қаза тапқан

1
Фото: depositphotos.com/rebius

Ақтауда апатқа ұшыраған Embraer 190 ұшағының бортындағы Қазақстан азаматтарының барлығы қаза тапты. Бұл туралы Маңғыстау облысында өткен брифингте көлік министрі Марат Қарабаев мәлімдеді.

Ресми мәлімет бойынша, Әзербайжан әуе жолдарының ұшағында 67 адам болған. Олардың ішінде 6 қазақстандық бар еді.

Айта кетейік, 25 желтоқсанда  жергілікті уақыт бойынша сағат 11:30-да Бакуден (Әзербайжан) Грозныйға (Ресей) ұшқан ұшақ Ақтаудан үш шақырым жерде апатқа ұшырады. Жолаушылар ұшағы қалың тұман салдарынан Грозныйға қона алмай, әуелі Махачқалаға, кейін Ақтауға бағыт алған.

Апат себебінің бірнеше нұсқасы бар. Бір нұсқа бойынша, апатқа ұшақ пен құстардың соғысуы себеп болған. Тағы себеп бойынша борттағы оттегі баллоны жарылған. Embraer Ақтау әуежайына ұшуға 3 минуттан аз уақыт қалғанда рульді басқара алмай, апатқа ұшырады.

Кейінгі мәліметтер бойынша, аман қалған 29 адамның ішінде Әзербайжан, Ресей және Қырғызстан азаматтары бар.

Тегтер: